Туляремия ауруы

Туляремия ауруы

Francisella tularensis қоздыратын, лимфа түйіндерді, теріні, көзді, анқаны, өкпені закымдауымен және улану симптомдарымен сипатталатын жедел облигатты табиғи-ошақты зоонозды ауру.

Эпидемиологиясы. 1. Аурудыңкөзі. Туляремия – облигатты зооноз, табиғи ошақтықауру. Аурудыңкөзі және резервуары – жануарлар. Табиғатта аурудың резервуары: кеміргіштер, егеуқұйрықтар, қояндар, ондатра. Олардан синантропты кеміргіштер залаладанады. Туляремия қоздырғышы 90 жабайы омыртқалы жануарларда, үй жануарларында (қой, ит, жылқы) кездеседі. Олар туляремияға өте сезімтал. Ресейде – аурудыңнегізгі көзі су тышқандары, үй тышқандары, қояндар, иттер, ондатра. Ауру тасымалдаушылары – иксод кенелері және қансорғыш қанаттылар: маса, шожала. Кенелердің организмінде қоздырғыш өмір бойы сақталады, қан сорғыштардын организмінде – 2 апта бойы, ал инфицирленген жануарлардың қанында олар өлгенше дейін сақталады. Жануарлар арасында ауру кенелер арқылы тарайды. Кеміргіштер арасында инфекция алиментарлы жолмен тарайды. Адам аурудың көзі болып табылмайды.

Табиғи ошақтардың7 түрін ажыратады: батпақтық, қоғалдық, ормандық, далалық, таулы-шатқалды, тоғайлық, тундралық. Қазақстанда ошақтардың 4 түрі кездеседі: таулы-шатқалды, батпақтық,тоғайлық, далалық. Әр ошақөзіне тән жануарлармен, қансорғыштармен ерекшеленеді.

2. Берілу жолдары:

· трансмиссивті (негізгі) – арнайы тасымалдаушысы жоқ, ауру әр түрлі қансорғыш қанаттылар (маса, кене, шожала) арқылы берілу мүмкін;

· контактілі – тері мен шырышты қабықшалар арқылы инфицирленген жануарлармен жанасқанда: теріні өндеген кезде, жануарлар тістеп алған кезде; аңшылар ондатра арқылы жұқтырады;

· алиментарлы – кеміргіштердің зәрімен инфицирленген су, тағам арқылы. Кеміргіштермен ластанған судың эпидемиологиялық маңызы зор. Аурудың құдықтық өршуі жиі кездеседі. Кеміргіштің өлігі құдықта жатса, сол құдықтың суын ішкен адамдар заладанады;

· аэрогенді – заладанған шаң арқылы, шөп жинайтын жұмыстар жүргізгенде.

3.Қабылдаушы макроорганизм. Адамдар туляремияға 100% сезімтал. Көбінесе ересектер, ер адамдар, кәсіби топтары – аңшылар, балықшылар, ауыл шаруашылық қызметкерлері аурады. Антропургиялықошақтар инфицирленген кеміргіштердіңмиграциясына байланысты, олар үй кеміргіштеріне ауруды жұқтырады. Эпидемиялықпроцестіңағымы жыл мезгіліне, табиғи ошақтыңерекшелігіне, эпизоотиялықжағдайға байланысты. Жекеленген эпидемиялар үшін белгілі бір жұғу механизмініңжәне белгілі бір клиникалықтүрініңбасым болуы тән. Жыл маусымдылығы – жаз-күз айлары. Сонғы кездерде ауру спорадикалықтүрінде кездеседі. Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.

Клиникасы. 1.Жасырынкезеңі — 3-5 күн (2-3 аптаға созылуы мүмкін).

Ауырлығы бойынша – жеңіл, орташа ауыр, ауыр түрлері

Ағымы бойынша – жедел, баяу, рецидивті түрлері.

Қызба 38-40° ремиттерлеуші, интермиттерлеуші, дұрыс емес, тұрақты, толқын тәрізді сипатта болуы мүмкін. Жиі кездесетін түрі – ремиттерлеуші қызба, ол 2-3 толқын болуы мүмкін. Ұзақтығы – 2-3 аптаға, сирек 5-7 немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін. Қалтырау, бас ауру, бұлшықеттерініңауруы, жалпы әлсіздік, анорексия. Науқастыңбеті ісінкі, қызарып тұрады, конъюнктивит, склерит. Экзантема болуы мүмкін – эритематозды, дақты- папулезді, розеолезді, петехиалді. Салыстырмалы брадикардия, АҚтөмендейді. Бауыр, көкбауыр ұлғаяды.

Туляремияның клиникалықтүрлері жұғу жолдарына байланысты. Г.П.Руднев бойынша келесі түрлерін ажыратады.

Бубонды түрі. Жиілігі 10-25%. Біріншеден ауру сезімі байқалады, сосын регионалді лимфаденит пайда болады. Бубондар жалғыз немесе көп, көлемі майда жанғактардан ірі жұмыртқаға дейін болады. Бубон ұлғайғаннан соңауру сезімі байқалмайды, шеттері анықболып, периаденит аздап дамиды. Бубондардыңнәтижесінде қайта сінірілу, іріңдеу, жараланып тыртықтану, склероздану процестері дамиды.

Жаралы-бубонды түрі. Бұл аурудың типті түрі. Жиілігі – 45-85%. Трансмиссивті жолмен жұқтырғанда жиі кездеседі. Қоздырғыш енген жерде бір бірін алмастырып дақ, папула, көпіршік, пустула, жара дамиды. Жараныңшеттері көтеріліп, түбі қара қабыршақтанып тұрады. 2-3 күннен кейін лимфангоит, тағы 2-3 күннен кейін лимфаденит қалыптасады.

Көз-бубонды түрі. Жиілігі – 5%. Конъюнктивада сары түсті көпсанды ұсақ түйіншіктер пайда болады. Эрозивті-жаралы өзгерістер қалыптасуы мүмкін. Көз аймағында және зақымдалған көзі жағындағы беттің жартысында ісік дамиды. Роговица зақымдалмайды. Регионалді лимфаденит дамиды. Интоксикация нышандары айқын көрінеді: қызба, қалтырау, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі.

Ангинозды-бубонды түрі. Тамағында айқын ауыр сезімі байқалып, көмекей бездері ұлғайып, қызарып, ісіп, айналасындағы клетчаткаға жабысып жұтуға қиыншылықтудырады. Бездердің үстінде қиын алынатын некрозды жабынды дамып, артынан тыртықтанады. Жаралы-некрозды тонзиллит, фарингит дамиды. Көбінесе процесс бір жағынан байқалады. Бубондар жақастылық, мойындық, қолтықастында пайда болада. Сирек жағдайда стоматит болуы мүмкін. Интоксикация нышандары айқын емес, жергілікті көріністерге сәйкес келмейді. Осындай дисбаланс туляремияның ангинозды- бубонды түріне тән.

Абдоминалді түрі. Бұл аурудың ауыр түрі. Мезентериалді лимфа түйіндерініңзақымдануыныңәсерінен іштің оң жақ мықын аймағында айқын ауру сезімі «хирургиялық іш» сияқты байқалады. Іш перденің тітіркену белгілері дамуы мүмкін. Бауыр, көк бауыр ұлғаяды. Ұлғайған лимфа туйіндер ультрадыбысты зерттеу (УДЗ) арқылы анықталады. Интоксикация көріністері айқын болады: жоғары қызба, қалтырау, жүрегінің айнуы, құсу, тәбетініңтөмендеуі. Науқастың іші өтуі мүмкін.

Өкпелік түрі.Жиілігі – 5%. Ауру жедел басталып, қызбамен, ұзақағымымен сипатталады. Бронхиалді, медиастиналді, паратрахеалді лимфа түйіндері ұлғаяды.Құрғақжөтел, кеуде аймағында ауру сезімі, құрғақсырылдар естіледі. Пневмонияны рентгенография арқылы дәлелдеу қажет, науқастардың 50% өкпеде ошақты инфильтраттар табылады. Әр түрлі асқынулар (бронхоэктаздар, абсцесстер, плеврит, каверналар, гангрена) дамуы мүмкін. Бұл аурудың ауыр түріне жатады. Интоксикация симптомдары айқын көрінеді. Пульс жиілігі температура денгейіне сәйкес келмейді – салыстырмалы брадикардия. Өмірге қауіпті асқынулар дамуы мүмкін: сепсис, менингит, перикардит, медиастинит.

Читайте также:  Тест по хирургии острый живот

Жайылмалы түрі. Ауру сепсис тәрізді өтеді. Айқын интоксикация, жоғары ремиттерлеуші қызба ұзақуақытқа созылыды. Науқастың есі бұзылуы мүмкін. Полиморфты экссудативті эритемаға ұқсас бөртпе пайда болады. Бөртпе симметриялықтүрінде аяқ-қолға, мойынға, кеудеге шығып, оны туляремиялық«қолғап», «шұлық», «жаға», «маска» деп атайды. Бөртпе әуелі қызғылт, сосын қоңырқызыл, соңында көкшіл түсті. Экзантема 8-12 күнге созылады. Кейде бөртпе кеткесін түлеу болады. Гепатолиеналді синдром алғашқы күндерден бастап пайда болады.

Алдын алу шаралары:

-табиғи ошақтарды бақылау;

-вакцина енгізу, тірі туляремиялықвакцина грам «теріс» қоздырғыштарға қарсы нәтижелі вакциналардаң жалғыз түрі, иммунитет 5 жылға созылады, сондықтан ревакцинация жасау керек;

-қолғап, көзілдірік, маска пайдалануы қажет.

Туляремия ауруын қоздырушы – жай көзге көрінбейтін өте ұсақ микроб,табиғат жағдайлары бұл микробқа түрліше әсер етеді, мысалы: күн саулесі тікелей түссе микроб бір сағат ішінде өледі,ал суыққа өте төзімді келеді.Туляремия микробы залалсыздандыруға қолданылатын улы дәрілердің әсеріне төзімсіз,тез арада жойылады.
Туляремия ауруының белгілері: Бұл ауру жас талғамайды.Қоздырғыш адам денесіне тері арқылы,ауыздық,көздің,тыныс алу мүшелерінің шырышты қабығы арқылы еніп,сол аймақта өсіп көбейе бастайды.3-5 күннен кейін аурудың алғашқы белгілері біліне бастайды.Адамның дене қызуы кенеттен көтеріліп 38-39 градусқа дейін жетеді,басының қатты ауруына,бұлшық еттерінің сыздап ауруына шағымданады,денесі құрысады,тамаққа тәбеті төмендейді,терлейді,ауырған адамның мойын, жұтқыншақ,қолтық немесе шап бездері қабынып ауырады.
Туляремия өте ұзаққа созылатын қауіпті індет болғанымен көп жағдайда ауырған жандар мүлдем айығып кетеді.Туляремия ауруы ауру адамнан сау адамға жұқпайды.
Табиғатта кеміргіштер тобына жататын хайуанаттардан ауыратындары:су тышқаны,ондатра,аламан дала тышқандары,қаптесер және қояндар.Табиғатта сақталуына негізінен себепкер кенелер.Олар ауа қоздырғышын бірнеше жылға дейін сақтайды.Осы ауру кенелер адамдарды,жан-жануарды шаққанда туляремия ауруын жұқтырады.Бірақ аурудың табиғатта таралу жолдары жәндіктердің шығуымен ғана шектелмейді.Туляремиямен ауырған жануарлар өле-өлгенше өздерінің құмалағымен,зәрімен бірге ауру қоздырушы микробты көбейтіп шығарады да онымен қоршаған ортаны,суды,топырақты,шөпті ластайды.
Туляремиядан мерт болған жануарлардың өлексесі бұл аурудың таралуының негізгі себептерінің бірі екенін естен шығармауымыз керек.
Туляремияның адамға жұғу жолдары.Ол әртүрлі.Ауылдық жердегі халықтың күнделікті кәсібі мал бағу,шөп шабу,егін салу және балық аулау болғандықтан ауру таратушы жәндіктермен жиі кездеседі. Ауру таратушы жәндіктер( маса,сона,кенелер) жаз айларында өніп-өсіп көбейеді.
Туляремиядан сақтану жолдары.Сақтанудың бірден бір шарасы- бұл ауруға қарсы вакцина егу болып табылады.Алғашқы егу 7 жастан басталып,қайталап егу әрбір 5 жыл сайын өткізіліп отырады.Екінші мәселе – ауру таратушы кеміргіштерді жою.Жалпы осындай шаралар жүргізілуіне қарамастан әрбір адам бұл аурудан қорғануды білуі керек.

Арал теңізі обаға қарсы күресу станциясының
лаборанты: Шыныбеков Б.М.

Ауру айтып келмейді. Бүгінде біз біле бермейтін де түрлі аурулар бар. Мәселен, туляремия ауруы жайлы не білеміз? Ол неден пайда болады? Одан қорғанудың жолы қандай?

Елімізде сан алуан жабайы жыртқыш аң-құстар, кеміргіштер мен қан сорғыш жәндіктер тіршілік етеді. Олар да табиғатына сәйкес әртүрлі аса қауіпті жұқпалы ауруларды ағзасында сақтап, тасымалдай алады. Соның бірі – туляремия ауруы.
Қазақстанда туляремия індетінің кеңінен таралуы табиғи жағдайларда тұрақтауына мүмкіндік туғызатын геогра­фиялық ерекшеліктерге байланысты. Мысалы, бұл індет Оңтүстік Қазақстан мен Маңғыстау облыстарынан басқа, еліміздің барлық аймақтардағы тұрғындар арасында тіркелген. Туляремия кеміргіштер, қоян тәрізділер, жәндік қоректілер, жырт­қыштар, әсіресе, су және сұр тыш­қандар мен ондатрлар арқылы жұ­ғады. Ал ауруды тасымалдаушы қансорғыш жәндіктер – кенелер, масалар және бас­қалар.
Ол қалай жұғуы мүмкін? Адамдарға ол осы індетпен ауырған кеміргіштерден, шала пісірілген ет тағамдарынан, залалданған суды пайдаланғанда, жәндіктер шаққанда, тыныс алғанда ауадағы ауру қоз­дырғыштарымен жұғуы мүмкін. Сонымен қатар су тышқандарының, ондатр мен қоян секілді аңдарды сойып терісін өңдеген кезде туляремияны жұқты­рып алуға болады. Ауру қоздырғыштары адам ағзасына тері мен сілекейлі қабыршақ арқылы, тіпті оның жарақаттанбаған күйіне қарамастан, өтіп кете алады. Маса, кене сияқты қансорғыш жәндіктер жануарлар­дың қанын сорып, сау жануарлар мен адамдарды шаққанда ауру қоздырғыштарын жұқтырады. Оның белгілері: жасырын мерзімі орташа алғанда 3-7 күн болып келеді. Сол мерзім өткенде науқастың дене қызуы кенеттен 38-40 градусқа дейін көтеріледі. Басы қатты айналып, аяқ, арқа, бел бұлшық еттері қақсап ауырып, тәбеті жоғалып, әлсіздік пайда болады. Содан кейін қалтырап тоңа бастайды. Жақ асты, мойын, қолтық, шап бездері ісінеді. Аурудың бірінші күнінен бастап бет қызарып, ақ қабық пайда болады, ал үшінші-бесінші күндері құрғақ жөтел басталады.
Туляремияның басты белгілері – әртүрлі лимфа бездері ұлғаяды, көлемі ас бұршақтан грек жаңғағының көлеміне дейін жетеді. Егер ішек, бауыр, көкбауыр, лимфа бездері ісінсе, іштің ауруы байқалады. Бұл ауру көбіне 2-3 аптаға созылып (кейде одан да көп болуы мүмкін), сирек жағдайда қайталануы мүмкін. Сондықтан алдын алу шаралары кешенді түрде жүргізіледі. Ең тиімді әрі басты шара туляремиямен сырқаттану қаупі бар елді мекен тұр­ғындарын туляремияға қарсы егу қажет. Өйткені екпеден кейін 2-3 апта өткен соң, адамда туляремия ауруын 5 жыл бойы қабылдамайтын иммунитет пайда болады. Дала мен тұрмыстық жағдайларда азық-түліктерді кеміргіштерден қорғау үшін ыдыс-аяқты жабық күйде ұстау керек. Табиғатқа шыққанда кене, масалардың шағуынан қорғану үшін сақтануға арналған әртүрлі заттар мен жабық киімдер пай­даланып, кеміргіштер мен қансорғыш жәндіктердің санын азайту мақсатында дәрлеу шараларын ұйымдастыруы қажет.

Читайте также:  Тошнота рвота желчью слабость

Өмірбек ҮСЕНОВ,
Заңғар ТҰРЛИЕВ

437. Туляремияның баспалы-бубонды түрінде қоздырғыш организмге қай жолмен енеді?

438. Туляремия кезіндегі бубонға тән:

a) қатты ауру сезімі

b) айқын периаденит

c) шекарасының айқын болмауы

d) бубон үстіндегі терінің өзгермеуі

439. Туляремия кезінде жиі кездесетін сиптом:

440. Туляремия қоздырғышы қай топқа жатады?

441. Туляремияның эпидемиологиялық ерекшеліктеріне қарсы шығатын жұғу жолы:

c) жарамен контакт.

442. Туляремиялық бубонды сипаттайтын белгі?

a) қатты ауру сезімі

b) қоршаған тіндерге жабысқан

c) лимфа түйіннің шекарасы анық емес

d) терісі қызарған

e) қоршаған тіндерге жабыспаған

443. Науқасқа «Туляремия» деген диагноз қойылды. Туляремияда этиотропты ем ретінде қолданылатын дәрі:

444. 51 жастағы еркек, Петропавл облысының тұрғыны, жедел ауырған – дене қызуы көтеріліп, жалпы интоксикация дамыған, оң жақ білек аймағында ауыратын жара (осы жерде жабысып қалған кене болған). Қарап тексергенде жағдайы орта ауырлықта, жарадан іріңді геморрагиялық бөлінді байқалады, лимфангит бар, оң жақ қолтық астында лимфаденит (тығыздау, аздап ауырады). Сіздің диагнозыңыз?

a) іріңді инфекция

445. 46 жастағы еркек, аңшы, Алакөл ауданынан аң аулаудан келген, осыдан кейін дене қызуы көтеріліп, тамағы ауырған, жақ асты және мойын лимфа түйіндері ұлғайған. Қарап тексергенде – жағдайы орташа ауырлықта, тамағында бір жақтық некроздалған баспа, осы жағындағы жақ асты және мойын лимфа түйіні ұлғайған, аздап ауырады. Сіздің диагнозыңыз?

446. 37 жастағы еркек, дене қызуы көтерілген, басы ауырады, жалпы әлсіздік мазалайды. Беті қызарған, сол жақ қолтық астындағы лимфа түйіні ұлғайған, үлкен көлемді, ауырмайды, қоғалмалы. Эпид. анамнезі: егістікте мал азығын дайындаған. Сіздің диагнозыңыз?

447. 42 жастағы еркек, жедел ауырды, 4 күн бұрын қалтырап, дене қызуы 38°С дейін көтерілген, басы ауырған, бұлшыкеттері ауырады, жалпы әлсіздік мазалайды, тамағы ауырады.

Эпиданамнезі: аурудан бір апта бұрын қоянның терісін сыпырған. Объективті: Мойын лимфа түйіндері ұллғайған, аздап ауырады, шекарасы анық, қоршаған тіндерге жабыспаған.Аңқасында іріңді – некрозды баспа. Сіздің диагнозыңыз?

a) оба, бубонды түрі

b) аңқа дифтериясы, жайылмалы түрі

c) лакунарлы баспа

d) туляремия, баспалық-бубонды түрі

e) инфекциялық мононуклеоз

448. 51 жастағы еркек, Алматы облысының тұрғыны, жедел ауырған – дене қызуы көтеріліп, жалпы әлсіздік мазалайды, интоксикация белгілері бар, оң жақ білек аймағында ауыратын жара (осы жерде жабысып қалған кене болған). Қарап тексергенде жағдайы орта ауырлықта, жарадан іріңді геморрагиялық бөлінді байқалады, лимфангит бар, оң жақ қолтық астында лимфаденит (тығыздау, аздап ауырады). Диагнозы: Туляремия, жаралы-бубонды түрі. Диагнозды дәлеллдеу үшін керек зерттеу:

a) Жалпы қан анализі

b) Жалпы зәр анализі

c) Жара мен бубоннан материалды бактериологиялық зерттеу

d) Жара мен бубоннан материалды микроскопиялау

e) Қанды бактериологиялық зерттеу.

449. Туляремияның инфекция көзі:

a) суда жүзетін құстар

450. Туляремияның болжам жағдайы деген диагноз қоюға мүмкіндік беретін фактор?

d) Топырақта жұмыс істеу

e) Ондатраның терісін сыпыру

451. Табиғи ошақтағы туляремияның негізгі тасымалдаушысын ата:

452. Науқаста интоксикация, қызба байқалып, қолтық асты лимфа түйіні ұлғайған, аздап ауырады, қозғалмалы, жұмсақ консистенциялы. Эпидемиологиялық анамнезінде жиі аң аулауға шығады. Сіздің болжама диагнозыңыз?

b) инфекциялық мононуклеоз;

453. Туляремияда ғана кездесетін түрі:

Безгек

454. Vivax және ovale безгегі кезіндегі ұзақ инкубация және кеш рецидивтер себебі:

а) спорозиттердің әртүрлі генотиптерінің енуі.

b) мерозоиттардың қайталанып тіндерге генерациялануы.

c) эритрцитарлық мерозоиттердің бауырға қайталанып кіруі

d) тахиспорозоиттардың қайталамалы генерациясы,

e) гипнозоиттардың активациялануы.

455. Безгек кезіндегі тіндік шизогония қандай жағдайда болмайды.

Читайте также:  Средство от изжоги при беременности отзывы

а) 3 жыл бұрын тропикалық безгекмен ауырған донордын ауыстырылған бүйрегі арқылы

b) 5 жыл бұрын vivax безгекмен ауырған донордын ауыстырылған бүйрегі арқылы

с) 6 бұрын ovale безгекмен ауырған донордын ауыстырылған бүйрегі арқылы

d) 3 жыл бұрын 4 күндік күндізгі безгекмен ауырған донордын ауыстырылған бүйрегі арқылы

e) мезоэндемикалық безгек ошағындағы ауырған донордын ауыстырылған бүйрегі арқылы

456. Висцеральді ағзаларда эритроцитарлық шизогония безгек плазмодиясының қай түріне тән

С) pl. falciparum,

Д) барлық түріне.

457. Қандай қоздырғыш түрінде безгектің гаметошизогония кеш басталып, жыныссыз формасында үзақ шеткі қан айналымында циркуляцияланады

е) барлық түріне

458. Cпорогонияның тропикалық жағдайдағы ұзақтығы (маса ағзасындағы плазмодияның жыныстық циклы).

459. Плазмодияның қандай түріне спорогонияға сыртқы орта ауа температурасының кең диапазоны әсер етеді.

Д) pl. falciparum,

Е) барлық түрлеріне.

460, ДДҰжіктелуі бойынша 1964ж. малярияның эндемиялық қанша ошағыі бар?

461.Қандай эндемиялық ошақтык аймақта безгекті жұқтыру қаупі жоғары

А) эндемиялық ошақ,

462. Қандай белгі бойынша безгектің ошақта берілу интенсивтілігі анықталады

А) паразиттік индекс және көкбауырлық

Б) анемиямен ауыратын науқастар саны бойынша

В) сары ауырумен ауыратын науқастар саны бойынша

С) гепатомегалиямен ауыратын науқастар саны боынша,

Д) қайталанып ауырған науқастар саны бойынша.

463. Активтілігі төмен СВГС-мен (ХВГС) ауыратын науқас 3 ай бұрын Малазияда безгекмен ауырған. Қыркүйек айында Алматыға оқуға келген уақытта № 14 бұйрық бойынша тексеруден өткенде қанынан гаметоциттер 3 – 4 көру аймағынан табылды.Паразитемия дәрежесін және безгектің қай түрімен ауырғанын анықта.

А) тропикалық безгектің субпатентті паразитемия дәрежесі,

Б) тропикалық безгектің патентті паразитемия дәрежесі ,

В) vivaxбезгектің субпатентті паразитемия дәрежесі ,

С) vivaxбезгектің патентті паразитемия дәрежесі ,

Д) паразитемияның айқын емес дәрежесі.

464. Жедел жәрдем машинасымен науқас әуежайдан жұқпалы ауруханаға 39,9 0 қызумен , қатты бас аурумен, құсу, қозу жағдайында жеткізілді. Мозамбикте 7 күн бұрын ауырған. Тексерілу кезінде қан жағындысынан Pl. Falciparum қоздырғышының барлық даму сатылары анықталды. Безгектің қандай клиникалық формасы.

А) тропикалық безгектің орташа ауырлығы ,

Б) тропикалық безгектің ауыр формасы,

С) безгектің алгидті формасы ,

Д) тропикалық безгектің жеңіл формасы,

Е) тропикалық безгектің церебралді формасы .

465. Ер адам 20 жаста жұқпалы ауруханаға аурудың 9 -ы күні қызба,айқын интоксикация, қалтыраумен түскен. Объективті; беті қызарған, көз склерасы инъецирленген және бауыры, әсіресе көкбауыры ұлғайған . Египетте интернационалды қарызын ә/б өткеріп жүргенде,1 ай бұрын маса шаққан.

Қандай диагноз туралы ойлауға болады .

А) тропикалық безгек,

В) денге қызбасы,

466. Ер адам 20 жаста жұқпалы ауруханаға аурудың 9 -ы күні қызба,айқын интоксикация, қалтыраумен түскен. Объективті; беті қызарған,көз шынысы инъецирленген және бауыры,әсіресе көкбауыры ұлғайған . Египетте интернационалді қарызын ә/б өткеріп жүргенде,1 ай бұрын маса шаққан . Қаннан тропикалық безгектің сақина тәрізді дәрежеде қоздырғышы табылып, диагноз дәлелденді.Емдеу әдісі .

А) мефлохин 15мг/кг 2 рет 6 – 8 сағ интервалмен, 24 сағ кейін 10мг/кг 1 рет қабылдау.

Б) делагил 1,0 гр. 8 сағаттан кейін 0,5г, 2-ші және 3-ші күні 0,5 примахин 0,027 гр. 14 күн.

В) примахин 0,027 гр. нан 14 күн,

С) бигумаль 0,8 3рет ,

Д) ампициллин 0,5 4 рет күніне 5 кун.

467. 25 жасар әйел перзентханадан жұқпалы ауруханаға қазан айында қанынан гаметоциттер 2 – 3 к/а табылғандықтан,бірақ безгектің клиникалық көрінісі жоқ болып, ауыстырылды. Жүктілік мерзімі 26 – 27 апта . Шілде айында Ауғанстанда безгекмен ауырған, емделген. Алматыға қыркүйек айында келген, безгектің асқынған көрінісі болмаған . Жүргізу тактикасы

А) примахин 0,027 14 күн,

Б) артисунат 4мг/кг 2 тәул 3 күндей,

В) тетрациклин 0,1 х 2 рет күніне 7күндей,

С) этиотропты емдеу жүргізілмейді

Д) зитмак кесте бойынша.

468. Эндемиялық елдерде болған амбулаторлы картасында « тропикке шыққан» белгісі бар адамдардың диспансерлік бақылау мерзімі (24.12.02ж. бұйрық № 14).

469. Батыс Африкадан ер адам, 25 жаста, Европадағы оқуына байланысты отанында 5 жыл болмаған. 2010 жазында отанына барып қайтадан безгекпен ауырып қалған, делагил қабылдаған, әсері болмаған. Қызба, интоксикация жалғасқаннан кейін хинин 50% — 1мл т/б 8 сағ сайын, кейін 15 күн 1 мл х 2 рет күніне т/ қабылдаған. Емнің 2 ші күні жағдайы нашарлап дене қызуы 38 0 ден 40 0 , интоксикация күшейді (бас ауру,жүрек айну,құсу ), бел тұсындағы ауру сезім, сарғыштық күшееді, анемия. Зәрі қара түсті,тұндырғанда тұнықтық алды сұйықтығы қою қызыл түс, түбі қара түсті. Диагноз қойыңыз.

А) Екіншілік инфекцияның қосылуы,

Б) гемоглобинуриялық инфекциялық қызба,

В) Тропикалық безгектің церебральді формасы,

С) Тубулярлы нефрозо – нефрит,

Д) инфекционды- токсикалық шок.

Дата добавления: 2015-04-21 ; просмотров: 14 ; Нарушение авторских прав

Ссылка на основную публикацию
Тукает в голове
Пульс ощущается в голове на фоне стресса, волнения, при физическом перенапряжении, но часто причину нужно искать в заболеваниях – остеохондроз,...
Тубулярная грудь что такое
Тубулярная грудь – это аномальное состояние, при котором молочные железы деформированы и вытянуты в трубки (тубулы), причем степень деформации каждой...
Тубулярная карцинома молочной железы
Весь контент iLive проверяется медицинскими экспертами, чтобы обеспечить максимально возможную точность и соответствие фактам. У нас есть строгие правила по...
Туляремия ауруы
Francisella tularensis қоздыратын, лимфа түйіндерді, теріні, көзді, анқаны, өкпені закымдауымен және улану симптомдарымен сипатталатын жедел облигатты табиғи-ошақты зоонозды ауру. Эпидемиологиясы....
Adblock detector